Бір күні қолыммен ортақ түркі әліпбиде бір нәрсені жазғанда, нүкте көп болғандықтан шаршадым. Нүктесіз жазу жолы бар ма деп ойланып, бір жаңа жазу жолын ойлап таптым.
Қазақ тілінің әліпбилерінің нүкте ең аз қай әліпби? Әрине төте жазу, араб нүктелерінен басқа һәмзә ғана қолданылады. Ал төте жазудың ерекшелігі араб әріптері емес, жазудың жүйесі. Араб әріптердің орнында жазуға оңай, оқуға оңай әріптерді қолдансамыз қалай?
Енді, төтеше латын әліпбимен жазып көрейік деп ойладым.
Әрине ғ, қ, ң үшін нүктесіз (диакритикасыз) әріптерді табу керек. Латын әліпбиде әріп көп болғандықтан ɣ, q, ŋ тез табамыз.
Һәмзәнің орнында, керек сөздің алдында (яғни, к, г, е әріптер жоқ сөздердің алдында, төте ережелер бойынша) ~ немесе ′ қоюға болады.
Ал нүктелер мүлде алып тастау үшін ы, і, й жазғанда ı, ȷ қолдануға болады.
Мысалы:
Meniŋ ȷarım qız emes,
Qaqıyqattıŋ şın nurı.
Onı sezer ′siz emes,
Kozden tasa bul sırı.
Қолмен жазуға өте оңай болады.
Әрине автор құқығы менікі емес, барлық Ахмет Байтұрсынұлы арқасында.
Ережелер жинағы
А а | A a | И и | Iy ıy | Р р | R r | Ш ш | Ş ş |
Ә ә | A a¹ | И й | Y y | С с | S s | Щ щ | —³ |
Б б | B b | К к | K k | Т т | T t | Ъ ъ | —³ |
В в | V v | Қ қ | Q q | У у | W w² | Ы ы | I ı¹ |
Г г | G g | Л л | L l | Ұ ұ | U u | І і | I ı¹ |
Ғ ғ | Ɣ ɣ | М м | M m | Ү ү | U u¹ | Ь ь | —³ |
Д д | D d | Н н | N n | Ф ф | —³ | Э э | —³ |
Е е | E e | Ң ң | Ŋ ŋ | Х х | H h | Ю ю | —³ |
Ё ё | —³ | О о | O o | Һ һ | —³ | Я я | —³ |
Ж ж | J ȷ | Ө ө | O o¹ | Ц ц | —³ | ||
З з | Z z | П п | P p | Ч ч | Ç ç⁴ |
- А/ә, о/ө, ұ/ү, ы/і ажырату үшін k, g, e жоқ жіңішке сөздің алдында ~ немесе ′ қойылады.
- У әрпі дыбысы бойынша ıw, uw, w арқылы білдіреді, мысалы alıw, berıw, suw, ȷasaw т.б.
- Енген сөздердің бәрін қазақшалау, яғни қазақ тілінің айтылымына бейімдеу керек. Ондықтан ё, ф, ц, щ, һ, ъ, ь, э, ю, я әріптері мүлде керегі жоқ. Ф орнында p, ц орнында ts немесе s, һ орнында h, ё, ю, я орнында yo, yu, ya, э орнында жіңішке a қолданылады: ′pızıka, pederasıya, polısıya, aktıyor, rol, alement, obyekt, ȷaşık, ′muptıy, ′patwa, haram т.б. Қазақ түбірлі сөз ащы емлесі aştı.
- Керісінше ч әрпи заманауи әдебиет қазақ тілінде қолданбағанымен, басқа түркі тілдердің немесе солтүстік айтылымын білдіру үшін ç қолданылады.
Baqıt kelsin!